Алматыда 200-ден астам кәсіпкерге экологиялық талаптар түсіндірілді

346

Тексеру барысында бірқатар нысандарда қатты отын қолданылатыны анықталды.  

Алматыда 200-ден астам кәсіпкерге экологиялық талаптар түсіндірілді Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматының Бостандық ауданында кәсіпкерлермен кездесу өтіп, онда қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Eco Almaty" ЖШС мамандары жиынға қатысушыларға атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының талаптарын түсіндіріп, газ тартылған аумақтарда қатты және сұйық отыннан бас тартудың, сондай-ақ шығарындыларды тазарту жүйелерін орнатудың маңыздылығына тоқталды.

Экологтар жүргізген тексеру барысында шағын және орта бизнеске тиесілі 202 нысан қамтылды. Олардың қатарында қоғамдық тамақтану орындары, техникалық қызмет көрсету станциялары және монша кешендері бар.

Тексеру нәтижесінде нысандардың үштен біріне жуығында әлі де қатты отын пайдаланылатыны анықталды. Атап айтқанда, 52 дәмхана мен мейрамхана, 8 монша және 1 техникалық қызмет көрсету станциясы тіркелген. Бұл нысандардан шығатын ластаушы заттардың жалпы көлемі 617 тоннадан асқан.

Экологиялық талаптарды сақтау және ауа сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу