Алматыда 2023 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 320 мың теңгеге дейін көтеріледі

1372

​Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалалық мәслихат отырысында келер жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтерілетіні туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда 2023 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 320 мың теңгеге дейін көтеріледі

"Келер жылға педагогтер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақы қоры 170 млрд теңгені құрайды. Соған сәйкес жаңа жылда 32-33 мың мұғалімнің жалақысы 25%-ға артады. Қала бюджетінен мұны орындауға 73 млрд теңге бөлінген. Егер 2022 жылы мұғалімдердің орташа жалақысы 250-255 мың теңге болса, 2023 жылы 320 мың теңгеге жетеді", – деді ол.

Бұдан бөлек, келер жылы кітапханашылардың, техникалық жұмысшылардың және білім саласындағы басқа да қызметкерлердің жалақысын 22%-ға көтеру жоспарланып отыр. Бұл үшін бюджеттен 9 млрд теңге бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу