Алматыда 2023 жылы екі қосалқы электр стансасы пайдалануға беріледі

Шаһар инфрақұрылымын жаңғырту қажет.  

Алматыда 2023 жылы екі қосалқы электр стансасы пайдалануға беріледі Фото: Stan.kz

Мұны Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар алаңындағы брифинг барысында атап өтті.

"2023 жылы екі қосалқы электр станциясы пайдалануға беріледі: маусым айында - "Алмагүл", ал желтоқсанда - "Тұздыбастау". 400 мыңға жуық тұрғын тұрақты электрмен жабдықталады. Ал 300 мың тұтынушыны жылумен қамтамасыз ету мақсатында қыркүйек айында жалпы қуаты 155 Гкал/сағ болатын 2 қазандық – "Оңтүстік аудандық қазандық" және "Премьера" қазандықтарын реконструкциялау аяқталады", - деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу