Алматыда 2024 жылы дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады

423

Досаев Президентке есеп беру барысында мегаполисте қоғамдық көліктің экологиялық түрлеріне толық көшуі бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.  

Алматыда 2024 жылы дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады Фото: inbusiness.kz

"2023 жылы 1 430 бірлік экологиялық көлік жеткізіледі, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 600 автобус пен 100 троллейбус. Жеке тасымалдаушылар 730 автобус, оның ішінде 30 электробус сатып алатын болады. Келесі жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады", - деді Ерболат Досаев.

Аталған шаралар қоғамдық көлікті экологияландыру деңгейін ағымдағы жылдың өзінде-ақ 60% - ға және 2025 жылға қарай 100% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, деп түйіндеді сөзін Алматы әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу