Жаңа оқу жылында мемлекеттік және жекеменшік мектептерге 34 300-ден астам бала қабылданды. Нәтижесінде қаладағы бірінші сыныптарға балалардың ағыны 12 мың оқушыны құрады. Мұндай мәліметтерді мегаполис әкімі Ерболат Досаев білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Мектеп тапшылығы проблемасын түбегейлі шешу "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын тиімді іске асыру болып табылады, оның аясында 2025 жылға дейін Алматы қаласында 37,1 мың орындық 22 мектеп іске қосылады. Инфрақұрылым салу және жер учаскелерін кеңейту үшін жергілікті бюджетте 19 млрд теңге қарастырылған", - деп атап өтті Алматы әкімі.
Бұған дейін Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі хабарлағандай, жаңа форматтағы мектептердің басым бөлігі Алатау және Наурызбай аудандарында салынады -5 оқу орны. Бостандық ауданында – 4 мектеп, Түрксіб ауданында – 3, Әуезов ауданында – 2 мектеп, қалған аудандарда- бір мектептен салу жоспарлануда. Мектептер білім ұяларының тапшылығы байқалатын жерлерде салынуда.