Алматыда 2025 жылға дейін 36 емхана реконструкциядан өтеді

2023 жылы 2 емхананың құрылысы аяқталып, 6 емхананың құрылысы басталады.   

Алматыда 2025 жылға дейін 36 емхана реконструкциядан өтеді Фото: MedElement

Бұл туралы шаһар әкімдігі хабарлады.

"Жүкті әйелдерде репродуктивті мүмкіндікті ерте диагностикалау үшін сараптамалық сыныптағы жаңа ультрадыбыстық аппараттарды қолдана отырып, катамнез кабинетін ашу көзделген. Кабинеттер науқастар ағынына сәйкес орналастырылады, сонымен бірге, бірыңғай стандарт бойынша заманауи құрылғылармен жабдықталады", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова брифингте.

Сонымен қатар, балалар жедел жәрдем орталығының қабылдау бөлмесінің құрылысы аяқталады. 2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған 36 емхананы реконструкциялау және күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу