Алматыда 21-қабатты тұрғын үй өртенді

149

Алматының Бостандық ауданындағы 21 қабатты тұрғын үй кешенінде пәтерден өрт шықты.  

Алматыда 21-қабатты тұрғын үй өртенді Фото: gov.kz

Өрт сағат 11:20-да толығымен сөндірілген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"14 сәуірде сағат 11:02-де Гагарин даңғылы, 133Б мекенжайына жіберілген Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары 14-қабаттағы пәтердің балконында, шамамен 5 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттардан шыққан өртті тез арада оқшаулады", - деді ведомство өкілдері.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін ішкі өрт сөндіру кранынан саптаманы енгізген қауіпсіздік қызметінің іс-қимылын ескеру қажет. Өрт сөндіру техникасына тар көшеге қойылған жеке көліктер кедергі келтіргенін атап өткен жөн", - деп хабарлады департамент өкілдері.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу