Алматыда 21 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған

451

Үш келіден астам синтетикалық есірткіні Түркістан облысының тумасы жасаған. 

Алматыда 21 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған Фото: polisia.kz

Алматыдағы Демченко көшесіндегі жалға алынған үйлердің бірінде синтетикалық есірткі шығаратын цех жұмыс істеп тұрған.

"21 жастағы С.есімді азамат алғашында есірткіні жасырын қоюмен айналысқандығы анықталды. Содан кейін өзін синтетикалық препараттарды өңдеу және тазарту саласында “химик” ретінде сынап көруді шешті. Жас лаборант интернет ресурстары арқылы нұсқаулар алды. Оның міндеттеріне жасырын түрде, шикізаттың үлкен партиясын қабылдау, оны өңдеп, бояғыштар мен хош иістер қосып, кептіріп, өлшеп, кейіннен қала аумағында көп мөлшерде жасырын қойып кету болды", – деді Алматы қаласы ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері түрлі түсті белгісіз заттар салынған түрлі ыдыстарды, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар, хош иістендіргіштер, қолғаптар, маскалар және синтетикалық психотроптық заттарды өндіруде қолданылатын басқа да керек-жарақтар, дайын өнім – мефедрон синтетикалық есірткісі тәркіленді, жалпы салмағы 3 келіден асады. Пәтерден табылғанның бәрі: сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу