Алматыда 21 жастағы жігіт жүк лифтінің астында қалып қойды

165

Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Алматыда 21 жастағы жігіт жүк лифтінің астында қалып қойды Фото: Trade master group

Қайғылы оқиға 2 желтоқсанда Түрксіб ауданында болған. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыны лифт басып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Түрксіб ауданының Полиция басқармасы еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Адам өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу