Алматыда 22 тұрақты полиция бекеті орнатылды

854

Мұнда тәртіп сақшыларының қызметіне қажетті жабдықтардың барлығы бар.   

Алматыда 22 тұрақты полиция бекеті орнатылды

Мегаполис аумағында бір келкі дизайнмен жасалған 22 тұрақты полиция бекеті орнатылды. Жыл соңына дейін қатарға тағы 10 бекет қосылмақ. Қаланың әр ауданында 4-тен болады.  

"Бұл әйнектен жасалған, ішінде санитарлық торабы бар шағын кеңселер. Олар қаланың адам тығыз тұратын, қылмыс жиі орын алатын нүктелеріне орнатылды. Бекеттер өте жеңіл. Қажет болған жағдайда бұзақылық жиілеген басқа аудандарға көшіруге болады. Осы мақсатта қаладағы жалпы қылмыстық жағдайды сараптап отырамыз",-деді полиция департаментінде. 

Полиция бекеттері тәулік бойы жұмыс істейді. Күндізгі уақытта учаскелік инспекторлар қызметке кіріссе, түнде жағдайды патрульдік полиция бақылайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу