Алматыда 24 субұрқақ қайта жаңғыртылады

270

Экология және қоршаған орта басқармасы 24 субұрқақты реконструкциялау жобасын әзірлеп жатыр. 

Алматыда 24 субұрқақ қайта жаңғыртылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

"Біз қаланың коммуналдық меншігіндегі қайта жаңғыртуды қажет ететін субұрқақтардың тізімін жасадық. Бұл Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, цирк, қалалық әкімдік, Республика алаңына қарама-қарсы, Жамбыл ескерткіші мен "Медеу" БТСК жанындағы және т.б. субұрқақтар. Бұл жоба 2024 жылы жүзеге асырылады", - деді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы жайлы қалалық орта бөлімінің басшысы Ернар Бөкешов.

Алматыда 150 субұрқақ бар, оның 65-і қаланың балансында, қалғаны жеке меншікте. Осы жылы ҚБТУ-дың артындағы "Солтүстік" сквердегі субұрқақ реконструкциядан өтті.

Былтыр Оқушылар сарайының алдында "құрғақ" субұрқақ ашылды, ал биыл жыл соңына дейін "Слава аэропорта" скверінде "құрғақ" субұрқақ ашу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу