Алматыда 27 265 дәрігерге үстемеақы төленген

619

Коронавирусқа қарсы күреске 12,4 млрд теңге жұмсалды.

Алматыда 27 265 дәрігерге үстемеақы төленген

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының  Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев наурыз-шілде аралығында неше дәрігердің үстемеақы алғанын айтты.

"Пандемия кезінде жұқпалы вирусты емдеу мен алдын алу шараларын қаржыландыру міндеті Медициналық сақтандыру қорына жүктелді. Алматы қаласы бойынша коронавирусқа қарсы күреске 12,4 млрд теңге бөлінген. Наурыз-шілде аралығында 27 265 медицина қызметкеріне 8,9 млрд теңге көлемінде қосымша ақы төленді. Атап айтқанда, І топ бойынша – 6 733 маманға 4,2 млрд теңге,  ІІ топ бойынша – 12 376 маманға 3,6 млрд.теңге, ІІІ топ бойынша – 8156  маманға 1,1 млрд теңге төленді", – деді филиал басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу