Алматыда 270 мың адам вакцина салдырды

597

Барлық кезеңде 9 транш бойынша препараттардың 302 985 дозасы жеткізілді. 

Алматыда 270 мың адам вакцина салдырды

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Лаура Мырзағали айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Алматы қаласында халықты жаппай вакцинациялау 2 сәуір күні басталды.
Вакцинациялау үшін медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет орындарында, базарлар мен қаланың СОСО-ның 250 егу пунктін іске қосу жоспарланған, сондай-ақ көшпелі пункттер де жұмыс істейді. Қазіргі таңда 214 вакцина пункті жұмыс істейді, толық режимде 1 282 медицина қызметкерінен құралған 315 вакциналық бригада еңбек етуде. Бүгінгі күні барлығы 270 568 адам вакцина алды, оның ішінде 19 435 құқық қорғау органдарының қызметкерлері (медицина ұйымдары мен полиция қызметкерлері, ТЖМ, ҰҚК, ІІМ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі), 20 896 педагог, 27 045 медицина қызметкері", - деді спикер.

Лаура Мырзағалидің айтуынша қалаға барлық кезеңде 9 транш бойынша вакцинаның 302 985 дозасы жеткізілген.

"Жалпы көлем бойынша қазақстандық QazVac вакцинаның бірінші траншы 3 000 дозаны құрады (1 компонент және 2 компонент бойынша 3000 доза). Қытайлық Sinopharm вакцинасының алғашқы жеткізілімі 15 000 дозаны құрайды (1 компонент және 2 компонент бойынша 15000 доза). Бүгінгі күні қалада 1 компоненті бойынша 37 417 доза, ал  2 компонентті 78 444 дозасы вакцина бар", - деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу