Алматыда 283 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

740

300 мың шаршы метр асфальт-бетон жабынды төселеді. 

Алматыда 283 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан мегаполистің көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша статистикамен бөлісті. Оның сөзінше жыл соңына дейін 177 көшенің асфальт жабындысы жөнделмек. 

"Биылғы жылы "Жаңа Алматы" бағарламасы аясында шетсіз қала қағидасын негізге ала отырып Алатау ауданында ұзындығы 47,4 шақырымды құрайтын 177 көшеде жаңа жолдардың құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 112 көше бойынша ұзындығы 18,6 шақырым жаңа жолдар құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін қалған 65 көшеде құрылысты аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар ұзындығы 200 шақырымды құрайтын 283 көшеге орташа жөндеу жүргізу, 30 шақырым тротуар салу көзделген", – деді ол. 

Бұған қоса қала көшелерінде 300 мың шаршы метр асфальт-бетон жабындыны жөндеу жоспарланған. 

"Бүгінде 62,6 шақырым 91 көшеге орташа, 151 шаршы метрге ағымдағы жөндеу жұрыстары жүргізілді", – деді Ернұр Әбжахан. 

Еске сала кетсек, 2019 жылы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев "Жаңа Алматы" бағарламасы аясында аясында "шетсіз қала" қағидасын таныстырған еді. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу