Алматыда 285 мың бала жаңа оқу жылына аяқ басты

1065

30 мың бала бірінші сыныпқа барады. 

Алматыда 285 мың бала жаңа оқу жылына аяқ басты

Қашықтықтан білім алу мен кезекші сыныптар, бетперде тағу мен әлеуметтік қашықтық. Жаңалыққа толы оқу жылы басталды. Осыған орай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев оқушыларды Білім күнімен құттықтады. 

"Алматының 285 мың оқушысы үшін жаңа оқу жылы басталды. Соның ішінде 30 мыңы бірінші сыныпқа аяқ басты. Білім жолында оқуға ынта мен құлшыныс артып, мұғалімдерге құрмет көрсетілсін. Оқуда табыс тілеймін! Білім күні құтты болсын!", – деп жазды шаһар басшысы өзінің Twitter желісіндегі ресми парақшасында. 
Ал еліміз бойынша 2020-2021 оқу жылында 3,3 млн оқушы, 466 мың колледж студенті және 600 мыңнан астам жоғары оқу орындарының студенті білім алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін қалалық Білім басқармасының басшысы оқу жылының басталуына 400 бейнесабақ әзірленіп, 1-2 сынып оқушыларына 193 кешекші топ ашылатынын хабарлаған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу