Алматыда 3-қабаттан секіріп кеткен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.  

Алматыда 3-қабаттан секіріп кеткен сарбаздың жағдайы белгілі болды Фото: AP

Алматыдағы әскери бөлім ғимаратының үшінші қабатынан секіріп кеткен сарбаздың қазіргі жағдайы орташа ауыр саналады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

2007 жылы туған азамат осы кезде қалалық көпсалалы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ем қабылдауда. 

– Науқас бейінді бөлімшеге жатқызылды. Оған аурухана психологы кеңес беріп, психоэмоциялық қолдау толығымен көрсетіліп жатыр. Негізгі ауруы бойынша ем ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сай жүргізілуде, – делінген басқарманың ресми мәліметінде. 

4 қазан күні Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде сарбаз әскери бөлім ғимаратының 3-қабатынан құлағанын жазған едік.

Ол тез арада Алматы шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген-ді. Қазір оған қатысты қызметтік тексеріс тағайындалып, мән-жайы толық зерделенуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу