Алматыда 3 медицина қызметкері вакцина салғызудан бас тартты

1012

1379 қызметкер вакцинаның екінші компонентін қабылдады.

Алматыда 3 медицина қызметкері вакцина салғызудан бас тартты

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"2021 жылдың  1 ақпанында қалалық емханаларға Спутник-V препаратының 1750 дозасы жеткізілді. Бірінші кезең бойынша 1750 медицина қызметкері вакцинация алды. Вакцина медициналық тексерістен кейін дәрігерлердің рұқсатымен ғана салынады. 3 медицина қызметкері вакцина алудан бас тартты. Ревакцинация 22 ақпанда басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Екінші компонентті 1379 қызметкер қабылдады", – деді Лаура Мырзағали. 

Сонымен қатар ол еліміздің "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысқанын атап өтті.

"Өкінішке қарай, біздің елдегі эпидемиологиялық жағдай "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты. Сондықтан карантин ережелері мен талаптарын сақтау қажеттігін тағы да еске салғым келеді. Бетперде тағу, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Әрбір алматылық қаланың "жасыл" аймақта болуына және коронавирус инфекциясын жұқтырмауға жауапты", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу