Алматыда 30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

473

Білім күніне орай қалада 10 жаңа мектеп ашылды.

Алматыда 30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

Мегаполисте бірінші сыныпқа барған балалар үшін 323 мектеп есігін айқара ашты. Оның 215-і мемлекеттік болса, 108-і жекеменшік.
Білім күніне орай қалада 10 жаңа мектеп ашылды. Олар: Түрксіб ауданының Қайрат шағын ауданындағы №211 мемлекеттік мектеп және 3 000 орындық 9 жекеменшік мектеп.

"Екі білім ошағы – №48 және 9 мектеп кеңейтілді, жыл соңына дейін №148 мектепте 300 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстары аяқталады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу