Алматыда 30 шетел азаматы елден шығарылды

451

Қалада көші-қон заңнамасын бұзған 800-ден астам шетелдік азамат анықталды.  

Алматыда 30 шетел азаматы елден шығарылды Фото: inbusiness.kz

Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Полиция қызметкерлері "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз жүргендерді анықтады. 

"Қалада іс-шараның 18 күнінің ішінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азамат. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды", деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. 

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жақында 30 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырды. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылған. Олар "Жібек жолы" бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу