Жеке тасымалдаушы "Мадина" ЖШС Yutong маркалы үлкен сыйымдылықтағы (100 адамға дейін) 30 жаңа автобус сатып алды (автобустардың ұзындығы – 12 метр). Барлық автобустар төмен еденді, кондиционерлермен және пештермен жабдықталған.
Аталған автобустар есебінен №128 және №72 маршруттар жаңартылады. №128 маршрутта 17, ал №72 маршрутта 9 автобус жаңартылады. Қолданыстағы автобустар №25 маршрутқа бағытталады.
Ағымдағы жылы жеке автопарктер 355 жылжымалы бірлік сатып алды, соның есебінен 22 маршрут жаңартылып, 9 жаңа маршрут іске қосылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу