Алматыда 300 мыңнан аса адам екпе салдырды

667

Жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде –  101 науқас ем қабылдауда.  

Алматыда 300 мыңнан аса адам екпе салдырды

Алматыда 2021 жылы 2 маусымда коронавирустық инфекцияның 203 жаңа жағдайы тіркелді. Оның 158-і симптомдық белгілері бар және  45-і симптомсыз, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Барлық емделіп шығарылғандар –161, келіп түскені – 109. Инфекциялық стационарларда 3 640 төсек-орын бар. Қазір 1 371 адам ем қабылдауда. Оның ішінде 50-і балалар.

Жалпы жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде –  101 адам емделуде. Атап айтқанда ӨЖЖ – 24, инвазивті емес ӨЖЖ – 43, High flow-да 29 аппарат жұмыс істейді", – деп жазылған Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының 
баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 1 547 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 321, симптомсыз 226 науқас бар. 

"Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1 817 адам вакцинация алды. 1 ақпаннан бері қала бойынша барлығы 309 798 адам вакцинацияланды. Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен вакцина таңдау мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылды", – деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу