Алматыда 3000-нан астам жастың басын қосқан фестиваль өтті

212

Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мың жас тұрады. 

Алматыда 3000-нан астам жастың басын қосқан фестиваль өтті Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жастар күні 1999 жылдан бері 12 тамызда бүкіл әлемде тойланады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Халықаралық Жастар күніне орай және "Жастармен бірге" ұлттық жастар онкүндігін өткізу аясында Көктөбеде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының және қалалық әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры ұйымдастырған JAS FEST 2024 open air фестивалі өтті.

Іс-шараға 3000-нан астам адам, оның ішінде комьюнити орталықтар мен ҮЕҰ өкілдері, еріктілер мен қала белсенділері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында, қала жастарының басын қосып әдемі кеш өткізу дейді ұйымдастырушылар.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы жастарды қолдауға түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Мәселен, биыл 3-12 тамыз аралығындағы "Жастармен бірге" ұлттық онкүндік аясында Алматыда жастарға 60-тан астам әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

"Бүгін осы фестивальге достарыммен келіп ерекше сезімге бөлендім. Жастар күнін қалада осылай атап өтіп жатқаны ерекше қуантады. Шеберлік сабақтар мен мерекелік концерт қатты ұнады. JAS FEST секілді фестивальдар қалада жиі өтіп тұрса екен." – деді қала тұрғыны Аяулым Шапенова.

Фестиваль аясында концерттік бағдарлама, шеберлік сабақтар және қаламыздың демалыс орталықтарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

"Бұндай шараға келуімнің басты мақсаты тек концерт көру емес, сондай-ақ жаңа достар тауып ортамызды кеңейту. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі жылы болса, тағы да келер едім" - деді жас алматылық Қуат Айтқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу