Алматыда 320 жас отбасы баспаналы болады

979

Алматыда 320 жас отбасы баспаналы болады

Алматыда "Жастарды қолдаудың жол картасы 2020" бағдарламасын жүзеге асыруға 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек "Сәтті қадам" жобасы барысында өткен бос орындар жәрмеңкесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Елбасының тапсырмасымен 2017 жыл Алматыда жастар жылы деп жарияланды. "Жастарды қолдаудың жол картасын" қабылдадық. Оның басты мақсаты жастардың жан-жақты дамуына ықпал ету. Оның ішінде жастарды жұмыспен қамту мәселесі өте өзекті болғандықтан, бұл салаға бөлінетін қаржыны 5 есеге арттырдық. Биыл 5 млрд теңге бөлінеді", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімдігі биыл жастарға арналған жатақхана құрылысына 3,7 млрд теңге бөліп отыр. Биылдың өзінде 320 жас отбасыға баспана алып беру жоспарланған. Қала басшысы мәлімдегендей, биыл жастар тәжірибесіне 500 млн теңге қосымша қарастырылған. Үстіміздегі жылы жұмыссыз азаматтарға микронесие беруге 1 млрд теңге қарастырылған. Әр азамат 18 млн теңгеге дейін несие ала алады. Сондай-ақ, "Баршаға ортақ кәсіптік білім беру" жобасы аясында 8 мың жұмыссыз азамат тегін білім алады.

Айта кету керек, бос орындар жәрмеңкесінде 100 астам жұмыс беруші 5 мыңға жуық бос орын ұсынды.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу