Жетісу ауданының прокуратурасы бірқатар автобус парктерінде заң талаптарының өрескел бұзылғандығын анықтады.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, "D" санатындағы жүргізуші куәлігі жоқ жұмысшылар көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдардың жолаушылар көлігін жүргізуіне жол берілген.
– Анықталған фактілер бойынша 15 автобус паркіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауаптылыққа тартылды. Еңбек шарты бұзылған 34 жүргізуші, жолаушылар көлігін басқарудан шеттетілді. Тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа 4 лауазымды тұлға тартылды, – деп хабарлады қадағалаушы орган өкілдері.
Сонымен қатар қалалық прокуратура наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған адамдардың жүргізуші куәліктерін сот тәртібімен жарамсыз деп тану мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.