Алматыда 35 жастағы келіншек10 баланың анасы атанды

1118

Алматыда 35 жастағы келіншек10 баланың анасы атанды

Алматыда 35 жастағы әйел 10 баланың анасы атанды. Келіншек осыдан 2 апта бұрын үшем туды. Балалар қазір Қарасай аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер ай-күні жетпей туған нәрестелердің жағдайы оңалғасын, ауруханадан шығармақшы.

35 жасында он баланы өмірге әкелген батыр ана Айгүл Ысқақованың қуанышында шек жоқ. Көп балалы ана болуды әу бастан армандаған келіншек Ысқақовтар әулетіне бірден үшем сыйлады. Бұған дейін 7 құрсақ көтеріп, күміс алқа тағып үлгерген ананың сәбилерінің арасы 2 жылдан. Үлкені 13-ке толыпты. 7 баладан кейін өмірге келген үшемге ата-анасы Аян, Аяна және Раяна деген есім беріпті.

Осыдан екі апта бұрын дүние есігін ашқан үшемнің екеуінің жағдайы қазір қалыпты. Яғни, Аян мен Аяна анасының жанында палатада. Ал, кішкентай Раяна жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер ол тиісті салмағын жинап біткесін, үшемді үйлеріне жіберуге дайын отыр.

Baq.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу