Алматыда 3500 нысанға сейсмоаудит жүргізілді

365

28 сейсмостанция орнатылды.

Алматыда 3500 нысанға сейсмоаудит жүргізілді Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлайтын 28 сейсмостанция орнатылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев VIII шақырылған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында биыл 3500 нысанға сейсмоаудит жүргізілгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, ТЖ туындаған кезде зардап шеккен халықты қабылдайтын 545 пункт анықталды.

"Биыл тамызда Мемлекет басшысы Алматы қаласының ғимараттары мен құрылыстарының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдауды тапсырды. Қазан айында "ҚазҚСҒЗИ" АҚ және ҚР Сейсмология институты сейсмоаудитті бастап, соның аясында 3500 нысан тексерілді", - деді қала басшысы.

Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу