Алматыда 36 кәсіпкерлік нысанға айыппұл салынды

605

Мониторингтік топтар жалпы саны 184 нысанды тексерген. 

Алматыда 36 кәсіпкерлік нысанға айыппұл салынды Фото: astana.gov.kz

Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті биылғы жылдың 25 қарашасынан 28 қарашасына қараған түні 184 нысанды тексерді, оның ішінде 36-сы карантин режимін бұзған.

Кәсіпкерлік субъектілерде негізінен залалсыздандыратын заттар болмаған, жұмыс кестесі бойынша жұмыс істемеген және бетперде режимі сақталмаған.

Көңіл көтеретін орындарды тексеру барысында бірнеше рет заң бұзушылықтар  болғаны анықталды.

Аудандар бойынша заң бұзушылыққа жол бергендер мекемелер тізімі:

 Алатау ауданы:
- "Парваз"кафесі (Жусанды, 7);
- "Алтын Алтай" лагманханасы (Ақкент ықш., Доспанов, 23);
- "Цех" бары (Ақбұлақ ықш., Шәріпов к-сі).

Алмалы ауданы:

- "Мята" лаундж-бары (Сейфуллин д. – Қазыбек би к-сі);
- "Ладжия Гоурмет"мейрамханасы (Сейфуллин д. – Әйтеке би к-сі);
- "Баку бульвары" кафесі (Шевченко к-сі – Клочкова к-сі);
- "Веселидзе" кафесі (Шевченко к-сі – Клочкова к-сі);
- "Мастер донер" орны (Төле би к-сі - Назарбаев даңғылы);
- "ZTB" гастро-бар (Наурызбай батыр к-сі – Жамбыл к-сі);
- "Graft shisha bar" бары (Наурызбай батыр к-сі – Мәметов к-сі);
- "Облака" кальян-бары (Қазыбек би көшесі – Панфилов көшесі);
- "Olivier Restaurant & bar" мейрамханасы (Құрманғазы көшесі - Назарбаев даңғылы).

Әуезов ауданы:
- "The one" компьютер клубы (Ақсай-5, 25 );
- "Астана Плаза" мейрамханасы (Астана ықш., 35 А);
- "Аквариум" кешені (10 А ықш., 12 Б);
- "Empire S" кафесі (4 ықш., 10 В);
- "Grand family hall" мейрамханасы (4 ықш., 10/2).

Бостандық ауданы:
- "Express" компьютер клубы (Маркова к-сі, 43);
- "Negorky Bar" (Бұқар жырау к-сі, 66);
- Абай даңғылы 10-дағы клуб

Жетісу ауданы:
- "Tantuni Doner Kebab" кафесі (Айнабұлақ-3 ықш., 98А);
- Loto club (Жансүгіров көшесі, 260В);
- Loto club (Айнабұлақ-4 ықш., 172а / 2);
- компьютер клубы (Айнабұлақ-4 ықш., 172).

Медеу ауданы:
- "ForBest" караоке-бары (Қабанбай батыр к-сі, 58);
- "Пушкин" қалалық кафесі (Абай даңғылы, 17);
- "Avantgarde Game House" ойын клубы (Искендеров к-сі, 5);
- "Glen" шарап ішетін орыны (Шевченко к-сі, 44);
- "Bacha" түнгі клубы (Жібек жолы к-сі, 66/1);
- "Wine Gallery" шарап ішетін орыны (Оспанов к-сі, 401/2);
- "Шишка Edition" бары (Қажымұқан к-сі, 49);
- "Бармаглот" бары (Уәлиханов к-сі, 170).

Наурызбай ауданы:
-"Премьера" кафесі (Жуалы көшесі, 129);
- "LL" кафесі (Жандосов к-сі, 2).

Түрксіб ауданы:
- "Прованс" кафесі (Ақан сері 33).

Заңды тұлғаларға қатысты анықталған заң бұзушылықтар бойынша ҚР ӘқбК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданады.

"Әкімдік алматылықтар мен қала қонақтарын мүмкіндігінше адам көп шоғырланған орындарға, әсіресе мегаполистің  мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмысын жалғастыратын нысандарға  бармауға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Олар жұмыс кестесін күшейту, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және  бетперде тағу, қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, термометрия жүргізу, залалсыздандаруға арналған сұйықтықтармен қамтуы керек", - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу