Алматыда 36 оқушы белгісіз газ иісіне уланды

979

Алматыда 36 оқушы белгісіз газ иісіне уланды

Алматыда 36 оқушы белгісіз газ иісіне уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24.kz

Бұл туралы Алматы қаласының денсаулық басқармасы хабарлады. Олардың барлығы да 173 орта мектептің оқушылары. Қазір 33 бала қалалық балалар шұғыл медициналық көмек орталығында ем қабылдап жатыр. Зардап шеккендердің біреуі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлердің хабарлауынша, оның жағдайы қалыпты.

"Басқа уланған оқушылардың да денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ", – дейді дәрігерлер. Қазір мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу