Алматы полициясы учаскелік инспекторлардың жұмысын жақсартудың үш жылдық кешенді жоспарын әзірледі, хабарлады inbusiness.kz порталы polisia.kz-ға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы өз Жолдауында реформалар мен "полиция жақын маңда" қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттігін атап өтті, мұнда басты рөл учаскелік полиция қызметкеріне жүктеледі. Тәртіп сақшылары тұрғындарға жақындай түсуі керек, азаматтар үшін беделді және олардың құқықтарын қорғайтын болуға тиіс. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін біз учаскелік полиция пунктеріне қажетті ғимарат жоқ жерлерде 36 орынды анықтадық. Қарқынды дамуды және Алматы облысының бірқатар елді мекендерінің қалаға қосылуын ескерсек, бүгінгі таңда бұл кезек күттірмейтін қажеттілік. Полицияның жаңа пунктерінің ашылуы полицияның тұрғындармен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылына оң әсер етеді", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар ол кешенді жоспарды жүзеге асыру үш кезеңнен тұратынын, яғни, 2021, 2022 және 2023 жылдарға арналғандығын атап өтті. Барлығы 36 жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алу жоспарлануда, оның 19-ы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде, тағы 17-сі жеке секторда орналасады.