Алматыда 367 қолжазба тәркіленді

945

Алматыда 367 қолжазба тәркіленді

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы МКД экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп, жеке басын байыту мақсатында антиквариат заттарының айналымымен айналысқан адамдар тобын ұстауды жүзеге асырды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Алынған заттардың алдын ала бөлшек сауда құны 2 млрд-тан астам теңгені құрайды. Алынған заттар қатарында: жалпы құны 261 млн теңгеге 367 шығыс қолжазбасы (ХІ-ХІХ ғ.ғ.) мен литографикалық (ХVІІІ ғ.-ХХ ғ. басы) кітаптар, құны 1.5 млрд теңгеден артық Пабло Пикассо картинасы, қылыштар, мылтықтар, картиналар, вазалар мен басқа да мәдени-тарихи құндылықтар.

Тарихи құндылығын нақтылау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Осы факт бойынша ҚР ҚК 234-бабы 2-бөлімімен (Экономикалық контрабанда) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу