"12-17 мамыр аралығында Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 25-30°С-тан 33-38°С-қа дейін көтеріледі", – делінген хабарламада.
Осы демалыс күндері Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.
Өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Синоптиктердің болжауынша, 11-17 мамыр аралығында Қазақстанның оңтүстік жартысында және орталығында күн қатты ысиды.