Оқиға 6 қыркүйек сағат 08:27-де Әуезов ауданындағы Сайын мен Шаляпин көшелерінің маңында болған, деп жазды Inbusines.kz.
"Өрт сөндірушілер жол кептелісіне қарамай 7 минутта Сайын Шаляпин көшелерінің қиылысына келген сәтте №38 маршруттық автобустың өртенгені анықталды, жанып жатқан автобусты сөндіру үшін жедел түрде көбікпен өрт оқпандары беріліп, автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары қойылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 08:47-де өрт ауыздықталып, 08:50-де толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Автобус "Алматыэлектротранс" ЖШС-ға тиесілі", – деп хабарлады қалалық ТЖД.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу