Алматыда 380 орындық инфекциялық орталық салынады

730

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 18 айда аяқталады. 

Алматыда 380 орындық инфекциялық орталық салынады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылыс алаңына барып қайтты, деп хабарлады inbusiness.kz шаһар басгысының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.  

Елбасының тапсырмасымен құрылысы басталған орталық Алатау ауданына қарасты "Нұркент" ықшамауданында бой көтермек. Мұнда 380 төсек-орын, соның ішінде 30 реанимациялық орын қарастырылған. Орталық жоспарға сәйкес 18 айда бой көтереді.

Бұған қоса Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында "Алматы Арена" спорт кешенінде ашылған веломектептің жобасымен танысты. 

"12-16 жас аралығындағы олимпиада резерв мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілері велоспортпен кәсіби түрде шұғылдануға мүмкіндік алды. Бізге спорт кешендерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Сондықтан спортпен, соның ішінде қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін инфрақұрылымды кеңейтуге мән бермекпіз", - деп жазды шаһар басшысы. 

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев "Ақбұлақ" ықшамауданында жаяу жүргіншілер аймағы салынатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу