"Жалпы ауа райының қолайсыздығы ең бірінші жолдағы ахуалға тікелей әсер етеді.
Осы орайда, барлық көлік жүргізушілеріне өз техникалық құралдарын қысқы мезгілге дайындап, дөңгелектерін айырбастауын сұраймыз. Ең бастысы жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жүргізушілік мәдениетті ұстануға тиіс.
Жол үстінде өзара сыйластық таныту – ең бірінші жол қауіпсіздігінің кепілі және алып шаһардағы жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың бірден-бір кепілдігі екендігін баса айтамыз. 12 қараша кешкі уақыттан бері ғана Алматы қаласы аумағында 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9 адам зардап шексе, 2 адам қаза тапты", – деп жазылған хабарламада.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу