Алматыда 4 бірдей халыққа қызмет көрсету орталығы жабылды. Бұл туралы қалалық департаментте айтылды, деп хабарлайды Астана тв.
Мұндай шешім қабылдауға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" жүргізген тексеру нәтижесі себеп болған. Бірқатар орталықта жұмыс көлемі тым аз екен.
Орталықта бір маман келушілерге күніне 20-25 қызмет түрін көрсетсе, екінші бөлімдегілер 5 міндетпен шектеліп отырған. Мәселен, Алмалы, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарындағы нөмірі 2-орталықтардың қызмет көрсету жүктемесі төмен.
"Ешкім жұмыссыз қалған жоқ. Цифрландыруға байланысты, әрі халықтың уақытын үнемдеуге байланысты, одан кейін қаржыны үнемдеуге байланысты осындай жұмыстар жүріп жатыр. Мұның бәрі біздің "цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында істеп жатқан шаруалар", - дейді Алматы қаласы ХҚКО департаменті қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Жаңыл Әпекова.
Демек қазақстандақтар электронды үкімет порталы қызметін пайдалауға ден қойған. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық нұсқада қызмет алғандар саны екі есеге артты. Осының өзі де орталықтардағы жүктеменің азаюуына түрткі болып отыр, дейді Жаңыл Әпекова.