Алматыда 4 мамырдан бастап іске қосылатын нысандар тізімі жарияланды

913

Жұмыспен қамтылғандар саны 41,4 мың адамға артады деп күтілуде.  

Алматыда 4 мамырдан бастап іске қосылатын нысандар тізімі жарияланды

Мегаполисте 4 мамырдан бастап шаштараздар (жазылу бойынша), фотосалондар, гүл сататын дүкендер, жылжымайтын мүлікке байланысты қызмет көрсететін компаниялар және ақша айырбастау пункттері іске қосылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматы қаласында кәсіпорындардың қызметін жандандырудың үшінші кезеңін іске қосуды мақұлдады", – деп хабарлады әкімдік. 

Осылайша 4 мамырдан бастап Алматыда аталған нысандардан бөлек  қызмет көрсету саласы бойынша аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау, баспа ісі бойынша нысандар ашылады.

Сондай-ақ, жұмыс кестесі сағат 17:00-ге дейін, аумағы 500 шаршы метрге жетпейтін жеке тұрған азық-түліктік емес (сауда орталықтары, сауда ойын сауық орталығы, сауда үйлері кірмейді) дүкендердің қызметіне рұқсат берілді.

Кәсіпорындар мен сауда нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға міндеттеледі. Үшінші кезең аясында жұмыспен қамтылғандар саны 41,4 мың адамға артады деп күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу