Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

226

Жалпы, сот шешімімен 682 шетелдік елден шығарылды. 

Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған Фото: Polisia.kz

Алматыда жыл басынан бері 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 23 мыңға жуық шетел азаматы келген. 

Алматы – инфрақұрылымы дамыған, өзіндік мәдениеті бар шаһар, сондықтан алыс және жақын шетелдерден келген шетелдіктердің қызығушылығын оятады. Көші-қон ағыны жыл сайын артып келеді. Бұл экономикаға оң әсерін тигізгенімен, жалпы қылмыстық жағдайға кері әсерін тигізіп жатыр. Яғни құқық бұзушылық саны өсіп жатыр. Ауыр қылмыс тіркелуде. Мәселен, Алматының Түрксіб ауданында шетел азаматы өзінің танысын өлтірген. Ал Медеу ауданында Үндістан мен Пәкістанның екі азаматы синтетикалық есірткі шығаратын зертхана ұйымдастырған. Шетелдік студенттердің қатысуымен болатын төбелестер де көптеп кездеседі, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. 

Сондай-ақ Бутунчиновтың сөзінше, Алматыда ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Жыл басынан бері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 4 мыңға жуығы шетел азаматтары екен. 

Жалпы, сот шешімімен 682 шетелдік елден шығарылды. Алматы полициясы елге келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу