Көк байрақты көтеру рәсімінде дәстүр бойынша әскери-оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ту ілінген тұғырдың биіктігі – 40 метр, ал көлемі – 7x14 метр.

Еске сала кетейік, Республика күні қарсаңында қала әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады.
Марапатталғандар қатарында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар бар. Сондай-ақ, Республика сарайында мерекелік концерт өтті.
Бүгін Алматыда түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Республика сарайының алдында "Атамекен" атты патриоттық акция, Жібек жолы көшесінде қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі, экологиялық бастамалар және өзге де мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған.

Бұған қоса, сағат 18:00-де Республика күніне орай "Көктөбе" телемұнарасы мерекелік сәулеттік жарықпен көмкеріледі.