Алматыда 400-ден аса ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

437

Өйткені кәмелетке толмаған балалар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүрген

Алматыда 400-ден аса ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды Фото: Polisia.kz

Алматыда ұсақ бұзақылық жасаған жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен аптада ғана қалада 38 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олардың көпшілігі ата-анасының бақылауынсыз түнде көшеде жүрген. Олар КТБО-ға орналастырылды. 411 ата-ана кәмелетке толмаған балалар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен айналыспайтын, оларға кері әсерін тигізетін 35 ата-ана анықталып, ІІО-ға есепке алынды. Ұсақ бұзақылық жасаған 9 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Ата-аналар өздерінің тарапынан бақылаудың болмауы жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа немесе оларға қарсы заңсыз әрекеттерге баруы мүмкін екенін білуі және түсінуі маңызды, сонымен қатар олардың тәрбиесіне жауапкершіліктері бар екенін ұмытпауы керек", деді полицейлер.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу