Алматыда 400-ден аса мас жүргізуші ұсталды

108

Жалпы 2 775 көлік айыппұл тұрағына қойылған, оның 935-і мопед. 

Алматыда 400-ден аса мас жүргізуші ұсталды Фото: freepik

Алматы қаласының аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара басталғалы бері Алматыда жол қауіпсіздігіне байланысты 52 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Кең тараған құқықбұзушылықтар қатарында:

• Маневр жасау ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам дерегі;
• Қарама-қарсы бағытқа шығудың 222 жағдайы;
• Бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кетудің 453 дерегі;
• 439 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін ұсталған.

Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу