Алматыда 41 жыл қолданылған құбыр ауыстырылды

201

Алматыда Саин – Төле би – Өтеген батыр – Райымбек көшелері аумағындағы ұзындығы 901 метр болатын құбыр қайта жаңартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда 41 жыл қолданылған құбыр ауыстырылды Фото: Алматы әкімдігі

1983 жылы пайдалануға берілген құбыр ауыстырылып, қазіргі уақытта 17 көпқабатты тұрғын үй, бір балабақша мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп тұр.

– Биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды, – деп хабарлады әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу