Алматыда 45 жастағы тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді

195

Оқиға Алматыдағы "Асылтау" тұрғын үй кешенінде болған. 

Алматыда 45 жастағы тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді Фото: "Немолчи" қоры

Алматыда тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірген. Бұл туралы "Немолчи" қоры хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Алматыдағы "Асылтау" тұрғын үй кешенінде болған. Марқұм әйел үй тазалаумен айналысатын. 18 тамызда кешкі уақытта тұрғын үй кешеніне полиция мен жедел жәрдем келген. 

"Немолчи" қорына келіп түскен ақпарат бойынша, 45 жастағы әйелдің қызы бар. 

Алматының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді ПД өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу