Алматыда 46 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталды

327

Тұрғын үйге кезекте 41 мыңнан астам азамат тұр. 

Алматыда 46 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тұрғын үй беру жалғасып келеді. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобының өкілдеріне Түрксіб ауданы Қонаев атындағы тұтыну кооперативінде ("Жас Қанат" ш/а) жалдамалы пәтерлер берілді. Жаңа тұрғын үй кешенінен 46 көпбалалы отбасы пәтер кілтін алды.

"Алматы әкімдігі тұрғын үй кешенінде дамыған инфрақұрылымды құруға ден қояды. Мұнда спорт және балалар алаңдары жабдықталған, мектеп бар, жаңа балабақша салынып жатыр, келесі жылы тұрғындардың демалы мен бос уақытын пайдалы өткізуге арналған орындар бой көтереді", - деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Пәтерлердің ауданы 60 шаршы метрден 85 шаршы метрге дейін. Үй кезең-кезеңімен беріледі. Бірінші кезең тамыздың соңында, екіншісі қыркүйекте басталды. Барлығы 300-ден астам отбасы қоныстанды.

Бұл үйлердің құрылысы 2021 жылы 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу