Алматыда 4805 адам дәрігерлер бақылауында

857

Індетті жұқтырушылармен байланыста болған жаңа алты жағдай анықталды.

Алматыда 4805 адам дәрігерлер бақылауында

Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 116 жағдайы тіркелді. Індетті жұқтырушылармен байланыста болған жаңа алты жағдай анықталды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

"Қазіргі уақытта қаланың жұқпалы аурулар стационарларында COVID-19 диагнозы расталған 96 науқас бар. 79 науқастың жағдайы – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы – өте ауыр, 2 адамдікі – ауыр, 13 ересек адамның жағдайы – орташа ауыр", – деп жазылған хабарламада. 

Мегаполисте жалпы 21 науқас сауығып, ауруханадан шығарыды.Оның 2-і – бала. Қазіргі кезде олардың барлығы 14 күндік үй карантинін жатыр

"Бүгін коронавирустық инфекциядан жазылған тағы екі науқас ауруханадан шығарылды. Бұл 1997 және 1998 жылғы қыздар. Олардың бірі 15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған", – деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта Алматының провизорлық орталықтарында 521 адам бар, оның 79-ы – бала. Екі күндік карантинде – 390 адам (48 бала), 4805 адам үй карантинінде, яғни, дәрігерлер бақылауында. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу