Алматыда 5 адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

150

Өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болу мән-жайы анықталады.

Алматыда 5 адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының полиция департаменті 5 адам қаза тапқан өртке байланысты іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болу мән-жайы анықталады, – деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, 26 қараша сағат 03:44-те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сағат 04:42–де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу