Алматыда №5 қалалық клиникалық аурухана базасында жаңа емхана ашылды

935

Алматыда №5 қалалық клиникалық аурухана базасында жаңа емхана ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек №5 қалалық клиникалық аурухана базасында ашылған жаңа емханада болды. Медеу ауданында ашылған бұл емхана күніне 600-дейін келушіні қабылдап, 20 мыңға дейін сараптама жасайды.

Аурухананың бас дәрігері Болат Садықов кезекті азайту және келушілерге жайлы болу үшін регистратураны алып тастағанын айтты.

"Арнайы оқудан өткен, қолдарында рациялары бар менеджерлер келушілерді ертіп жүреді және түрлі кеңес береді. Бүгінгі күні біздің мамандар заманауи европалық жабдықтармен жұмыс істейді. Мысалы, отоларингологтың кабинетіне солардың үздіктерінің бірі қойылды. Жалпы, нысан құрылысының және ондағы қондырғылардың құны 1,5 млрд теңге", – дейді Болат Садықов.

Төрт қабатты жаңа ғимаратта отбасылық, балалар денсаулығы, сурдологиялық, реабилитациялық орталықтар, физиодиагностикалық бөлім, күніне 20 мыңға жуық адамның сараптамасын жасайтын әрі 5 емдеу мекемесі бекітілген клиникалық диагностикалық орталықтандырылған зертхана орналасқан.

"Бізге қажет жабдықтың бәрі сатып алынды. Олардың арасында авторефлектометр бар, оның ерекшелігі екі айлық баланың да көз ауруын бірден анықтай алады. Тіпті, көздің қан қысымын анықтайтын аппарат та бар. Біз енді бұрынғы ескі әдіс бойынша жұмыс істемейміз. Барлық жұмысты автоматты режімдегі қондырғылар атқарады", – дейді офтальмолог – дәрігер Елдос Түсіпбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу