Алматыда 5 күн бойы толассыз қар жауады

673

Алматыда 5 күн бойы толассыз қар жауады

Алматыда бүгіннен бастап жауған қар 16 қаңтарға дейін толастамайтын болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктен хабарланды, деп жазады sputniknews.kz. 

"Бүгін 2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап жауған қар 16 қаңтарға дейін созылады, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы автокөлік иелерінен көшені қардан тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол шетінде тұрған көліктерін алып тастауды сұрайды. Жеке көлікпен жүру қажеттілігі туындаса, жылдамдықты төмендетіп, көлік араларындағы қашықтықты сақтауға, шұғыл бұрылыс жасамауға шақырамыз", - дейді әкімдіктен.

Автокөлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша қоғамдық көлікпен жүре тұруға кеңес берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу