Алматыда "50 cent"-тің концертіне жалған билет сатқан күдікті ұсталды

461

Күдікті  әлеуметтік желіде ауқымды жарнамаға SMM менеджерін жалдаған.

Алматыда "50 cent"-тің концертіне жалған билет сатқан күдікті ұсталды Фото: bestprofilepictures.com

Алматыда "50 cent"-тің концертіне жалған билеттерді сатқан 18 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алматыда 18 жастағы Л. есімді азамат билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамыла отырып, Instagram арқылы билет алуға өтініштерді қабылдаған. Сондай-ақ әлеуметтік желіде ауқымды жарнамаға SMM менеджерін жалдаған.

Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасы күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арыздары негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жас жігіт "50 cent"-тің концертіне жалған билеттерді сатқан. Алаяқтың басқа да болуы мүмкін құрбандарын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жалғасуда", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу