Алматыда 50 жас офицер алғашқы шендерін иеленді

84

Алматы қаласы Полиция департаментінде жас тәртіп сақшылары үшін ерекше әрі толғанысқа толы сәт – алғашқы офицерлік шендерді табыстау рәсімі өтті.  

Алматыда 50 жас офицер алғашқы шендерін иеленді Фото: polisia.kz

Ведомстволық оқу орындарын сәтті аяқтаған 50 жас маман енді ресми түрде Алматы қаласы полициясының қатарын толықтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанатты жиынды департамент бастығы Арыстанғани Заппаров ашып, жас офицерлерге қызмет жолында сәттілік тілеп, ел мен заң алдындағы жауапкершіліктің биік болуын ерекше атап өтті.

– Алғашқы шен – бұл тек марапат емес, халыққа адал қызмет ету жолының бастамасы. Енді сіздер қарапайым азаматтар ғана емес, мемлекет атынан құқық пен тәртіпті қамтамасыз ететін өкілетті тұлғасыздар. Әрқашан принципті, әділ, адал әрі жанашыр болыңыздар. Офицер абыройы – ең биік құндылық, – деді ведомство басшысы.

Іс-шара барысында әріптестері мен тәлімгерлерінің қошеметіне бөленген жас офицерлерге шендері салтанатты түрде табысталды.

Жиын соңында қатысушылар қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бұл ерекше күн – болашақ полицейлердің өміріндегі маңызды белес болып, олардың кәсіби жолында жауапкершілік пен патриотизмнің бастауы болары сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу