Алматыда 500-ден аса сауда павильоны заңсыз салынған

618

Қала құрылысын бақылау басқармасы еш себепсіз сауда орнымызды сот арқылы жауып тастады. Бүгін әкіммен кездесуде алматылық кәсіпкерлер осылай деп шағымдарын айтты. 

Алматыда 500-ден аса сауда павильоны заңсыз салынған Фото: nur.kz

Сөздерінше, оннан аса бизнесмен табыссыз қалған. Ал, Ерболат Досаев: "ғимарат заңсыз салынғаны үшін жабылды",- дейді. 

Барлық мәселе дәл осы сауда павильондары жайында. Мұнда бір ай бұрын сауда қызып тұрған. Бірнеше адам жұмыспен қамтылып, отбасын асырап отырған. Алайда, қала құрылысын басқару басқармасы сот арқылы жаптырып тастапты. Ашынған кәсіпкерлер мұңын бүгін әкімге айтты.

Досаевтың сөзінше, ол ғимарат заңсыз салынған және қызыл сызықта орналасқан. Сол себепті, кәсіпкерлерге жұмыс істеуге рұқсат жоқ.

"Егер сіздер заңсыз жұмыс істесеңіздер, біз де осылай әрекет ететін боламыз. Басқа амал жоқ. Біз бас жоспарға стационарлық емес сауда орындарына қатысты жаңа ережелер енгізіп жатырмыз", деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Бір қызығы, қаланың қақ ортасындағы 520-дан астам сауда павильоны заңсыз салынған екен. Мұны Ерболат Досаевтың өзі мойындады. Әкімдіктің көзін бақырайтып қойып, ғимаратты қалай салғандары белгісіз. 

Арнат Дүйсен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу